Қазақстанның Ұлттық ұланы Президент Жолдауындағы бастамаларды қолдады

1507
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Ұландықтар Президент Жолдауын тікелей эфирден тамашалауда, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚР Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің сарбаздары мен әскери қызметшілері дәл қазір Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауын тікелей эфирден тамашалауда.

Жеке құрам мемлекеттік стратегиялық бастамаларды ұжым болып тыңдап, ел дамуының жаңа міндеттеріне назар аударуда.

Эфир аяқталған соң бөлім командирлері мен басшылық құрам жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіріп, басты тезистерін жеке құраммен талқылауды жоспарлап отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -