13 қыркүйек — синоптиктер қауіп туралы ескертті

1232
Фотосурет: wirestock/freepik.com

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанның 10-нан астам өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бірқатар өңірлерде:

  • найзағай, бұршақ, дауыл;
  • тұман;
  • желдің күшеюі 15-20 м/с дейін;
  • түнде 2°С дейін үсік күтіледі.

Оңтүстік және шығыс аймақтарда жоғары өрт қаупі сақталады, әсіресе 

Дауылды ескертулер: 

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Өскемен қ.: Найзағай күтіледі.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Семей қ.: 13 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Қостанай облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай қ.: Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.  

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қ.: кей уақыттарда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жезқазған қ.:  солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.

Қонаев қ.:  солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Талдықорған қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Тараз қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.

13 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, тауларында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 13 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан қ.: 13 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

13 қыркүйекте Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: 13 қыркүйекте кей уақыттарда найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының басым бөлігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау қ.:  таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында,  күндіз облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақтау қ.: түнде найзағай күтіледі.

Ақтөбе облысының  солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -