Тұрақты жем-шөп қоры: Қазақстанда шөп дайындау жоспарының шамамен 94%-ы орындалды

1276
Фотосурет: Gov

2025–2026 жылғы қыстақ маусымына дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 23 млн тонна шөп (жоспардың 93,6%), шамамен 1,8 млн тонна сүрлемшөп (105,5%), 1,4 млн тонна құрамажем (24,5%), 1 млн тонна сүрлем (50,8%) және 1,8 млн тоннадан астам сабан (39,2%) дайындалған.

Белсенді жұмыс Солтүстік Қазақстан облысында (116,2%), сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Шымкент қаласында (100%) жүргізілуде.

Дайындалған мал азығының көлемі жоспарланған өнім өндіруді, төл алуды және мал басының сақталуын қамтамасыз етуге жеткілікті.

Жалпы, республикадағы мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -