«Таза Қазақстан» аясында Астанада мәдениет мекемелері қаланы тазалауға атсалысуда

1177
Фотосурет: Gov

Астана қаласының Мәдениет басқармасы және оған қарасты мекемелердің қызметкерлері таңертеңнен бастап Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония аумағын тазалау жұмысына шықты, передает DKNews.kz.

Жалпықалалық сенбілік ауқымды республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Астанада басталған экологиялық айлық аясында әртүрлі ұйымдар бірінен соң бірі сенбілік өткізеді. Басқармалар мен оған қарасты мекемелер тәртіп бойынша күн сайын, жұмыс күндері де тазалық жұмысын жалғастырады.

«Бүгінгі жалпықалалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Мәдениет басқармасы қарамағындағы 14 ұйымымен бірге сенбілік өткізді. Қала тазалығына 2300-ден астам адам қатысты, бізді мәдениет қайраткерлері де қолдады. Мұндай шаралар бүгінде елорданың 15-тен астам аумағында ұйымдастырылып жатыр. Алдағы уақытта да осындай игі істерге белсене қатысамыз. Тұрғындарды сенбіліктерге қосылып, тазалықты қолдауға шақырамын. Біз бастаманы бастап кеттік, тұрғындар да бізді қолдайды деп сенеміз», – деді Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Әсет Ерназаров.

Экоайлық аясында мәдениет мекемелерінің қызметкерлері жергілікті маңызы бар 43 тарихи-мәдени ескерткішті, республикалық маңызы бар 3 ескерткішті және 58 монументті ретке келтіреді.

Сенбілікке Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония ұжымы толық құрамда шықты.

«Көңіл-күйіміз өте жақсы, өйткені біз қаламыздың тазалығына үлес қосып отырмыз. Бұл әрбір өнер адамы үшін қуанышты жағдай, әсіресе шара тікелей филармония аумағында өтіп жатқандықтан ерекше әсерлі. Бүгін барлық бөлімдерімізбен бірге шықтық. Біз «Таза Қазақстан» акциясын қолдаймыз және өз үлесімізді қосып отырғанымызға қуаныштымыз», – деді филармонияның классикалық бөлімінің солисі Фируза Рахметова.

Айта кетейік, елордада 13 қыркүйектен 11 қазанға дейін дәстүрлі «Таза Қазақстан: Таза Астана» экологиялық айлығы жалғасады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -