Қазақстан таза планета үшін жаһандық экологиялық қозғалыстың бір бөлігіне айналды

1276
Фотосурет: EU in Kazakhstan

2025 жылдың 20 қыркүйегінде 400-ден астам еріктілер Астанадағы Есіл өзенінің жағалауын тазарту шарасына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараны Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі Астанадағы Эстония Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен World Cleanup Day мен #EUBeachCleanup науқаны және «Таза Қазақстан» ұлттық бастамасы аясында өтті.

Іс-шара барысында Алешка Симкич ханым, Қазақстандағы ЕО Елшісі:

«Бүгін мен Есіл өзенінің жағалауын тазартуға және таза Қазақстанды қолдауға жиналған барлық қатысушылардың ниеттерінен шын мәнінде шабыт алдым. #EUBeachCleanup науқаны пластикті азайту, қайта өңдеу немесе жай ғана қоқысты жинау болсын – әр әрекеттің маңыздылығын еске салады. Бүгінгі іс-шараға қолдау көрсеткен әрбір қатысушыға алғысымды білдіремін. Біз бірлесіп, экологиялық жауапкершілікті ілгерілетіп, тұрақты тәжірибені дамыта отырып, Қазақстан, Еуропа және әлем үшін таза әрі салауатты болашаққа үлес қоса аламыз»

Бұл күні Еуропа, Америка, Азия және Африка елдерінің дипломаттары мен елшілік қызметкерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері және Жер Қоры жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері, сонымен қатар Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары бірлесіп, Есіл өзенінің жағалауын тазарту үшін күш біріктірді.

«Эстонияда басталған идея бүгінде әлемдегі ең ірі азаматтық қозғалыстардың біріне айналды. Жыл сайын оған 200-ге жуық елден шамамен 20 миллион адам қатысады. Қазақстанның осы жаһандық бастаманың бір бөлігі болғанына қуаныштымын. Біз бірге қоршаған ортаны қорғау – бәрімізге ортақ жауапкершілік екенін көрсетеміз» Эстонияның Қазақстандағы Елшісі Яап Ора мырза атап өтті

Іс-шара аясында тек тазалық шаралары ғана емес, сонымен қатар Likekomek серіктестігімен эко-тауарларға пайданылмайтын таза киімдерді айырбастау науқаны өтті. Қатысушылар Plastic-Free Challenge: 3 қадам жаса! атты челленджіне қатысып, өз жетістіктерімен бөлісті, ал Global Green Hub ұйымдастырған танымдылық сабақтары ең кішкентай қатысушыларды қызықтырып, шабыттандырды.

Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі мен Эстония Елшілігі World Cleanup Day және #EUBeachCleanup акциясына қатысқан барлық серіктестер мен қатысушыларға шексіз алғысын білдіреді!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -