Алматыда жер сілкінісі туралы ұлттық хабарлама таратылды, бірақ дүмпулер тіркелген жоқ.
2025 жылғы 21 қыркүйекте алматылықтар мен қала қонақтарына телефонға жер сілкінісі туралы ұлттық хабарлама келді.
Хабарлама мәтінінде былай делінген:
«Назар аударыңыз! Жер сілкінісі! Қауіпсіз жерлерге жасырылыңыздар. Дүмпулер аяқталғаннан кейін ғимараттардан қауіпсіз қашықтыққа эвакуациялаңыздар! Уәкілетті органдардың нұсқауларын мұқият қадағалаңыздар. Қосымша ақпарат Алматы қ. ТЖД мен әкімдіктің сайттары мен әлеуметтік желілерінде».
Алайда Алматыда нақты жер сілкінісі тіркелгені жөнінде деректер жоқ.