Алматыда сейсмикалық оқиғаға байланысты Mass Alert жүйесі автоматты түрде іске қосылды

4400
Фотосурет: Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті

ҚР ТЖМ «ҰССО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 21 қыркүйекте, Астана уақытымен сағат 16 сағ. 25 мин. 19 сек. жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жер сілкінісінің координаттары: 43.165 с.е. 76.824 ш.б.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 9 км жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 7.2. Магнитудасы MPV – 3.8.

Есептік қарқындылығы (баллмен): сезілмейді.

Алматы қаласының аумағында жер сілкінісі сезілген жоқ. Дегенмен, 101 және 112 нөмірлеріне қоңыраулар түсіп жатыр. Сейсмологтардың датчиктері тіркеп, Mass Alert автоматты түрде іске қосылды.

Сабыр сақтауларыңызды сұраймыз! Алаңдауға еш себеп жоқ. Толық ақпарат кейінірек беріледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -