22 қыркүйекте Қазақстанда: 10 өңірде найзағай күтіледі

2167
Фотосурет: DKNews.kz

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 22 қыркүйекте Қазақстанның көптеген өңірлерінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады, деп хабарлайды DKNews.kz.

  • Найзағай, дауыл: Астана, Шымкент, сондай-ақ Жамбыл, Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жетісу, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды және Ұлытау облыстары.
  • Шаңды дауыл: Түркістан және Қызылорда облыстары.
  • Тұман: Шығыс Қазақстан, Абай, Ақмола, Жетісу және Қостанай облыстары.
  • 1 градусқа дейін үсік: Шығыс Қазақстан және Абай облыстары.

Елдің көптеген облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталуда.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: Күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Шымкент қ.: Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 22 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Таңертең және күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 17-22 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында найзағай, облыстың оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 1 градус үсік күтіледі.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.  Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде  жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі.Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігіндешығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -