«Enbek» чат-боты азаматтардың шамамен 19 мың өтінішін өңдеді

902
Фотосурет: Gov

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Enbek» цифрлық экожүйесі аясында әлеуметтік-еңбек саласы бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың сәуір айында азаматтармен кері байланысты жеделдету және операторларға түсетін жүктемені азайту мақсатында интеллектуалды чат-бот іске қосылды. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жасанды интеллект 18,7 мың өтінішті өңдеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Интеллектуалды чат-бот азаматтар мен байланыс орталығының арасындағы бастапқы өзара әрекетті автоматтандыруға арналған: пайдаланушыларға анықтамалық ақпарат беру, жиі қойылатын сұрақтар бойынша кеңес беру, сондай-ақ қажет болған жағдайда өтініштерді тиісті бөлімдерге жолдау функцияларын орындайды.

Чат-бот өтініштерді қабылдаудың бірыңғай кіру нүктесі ретінде жұмыс істейді және келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:

– мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпаратты жедел ұсыну;

– цифрлық платформаларда бағдар алуға пайдаланушыларға көмек көрсету.

Жүйеге типтік өтініштерге автоматты түрде жауап беруге мүмкіндік беретін білім қоры жүктелген. Чат-бот қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді, бұл барлық санаттағы пайдаланушыларға ыңғайлы болуын қамтамасыз етеді.

Чат-ботты енгізу сұраныстарды өңдеу жылдамдығын арттыруға, операторлар жүктемесін азайтуға және азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда мәтіндік және дауыс арқылы берілген өтініштерді қоса алғанда, барлық өтініштердің 96%-ға дейінгі бөлігі жасанды интеллект арқылы автоматты түрде өңделуде.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында цифрландыруды жеделдетуді және жасанды интеллектіні кеңінен енгізуді тапсырған болатын.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -