Жетістіктің мойындалуы: Сәдуақасова Қазақстан Республикасының спорт шебері атанды

1155
Фотосурет: Gov

Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев шахматтан халықаралық гроссмейстер, еліміздің бірнеше дүркін әрі абсолютті чемпионы Динара Сәдуақасоваға «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағын табыс етті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Спортшыға «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағы 2022 жылы Алматыда өткен ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатындағы жоғары нәтижесі үшін берілді.

Айта кетейік, Динара Сәдуақасова – әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер, ерлер арасында халықаралық шебер. Ол Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, 2022 жылы Алматыда өткен жылдам шахматтан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен XIX жазғы Азия ойындарының қола медаль иегері.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -