Еңбек ері атанған Қазақстанның педагогтары: мойындау, шабыт және құрмет

1067
Фотосурет: Gov

Қазақстанның тарихында жоғары мемлекеттік награда «Еңбек Ері» атағымен марапатталған тоғыз педагогтің есімі белгілі. Олардың ішінде Социалистік Еңбек Ерлері Жақия Шайжүнісов, Құдыс Әбсәметов, Рафиқа Нұртазина, Маржан Тасова бар, деп хабарлайды DKNews.kz.

2008 жылы «Қазақстанның Еңбек ері» атағымен академик Аягүл Миразова марапатталды, ал 2018 жылы бұл жоғары атақ Шымкент қаласындағы А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Алина Соловьеваға берілді.

Арада 5 жылдан кейін 2023 жылы 5 қазанда абайлық мұғалім Алма Шүкіжанова марапатталды. 2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихында алғаш рет бірден екі мұғалімге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен Алтын жұлдыз айрықша ерекшелік белгісін және «Отан» орденін тапсырды. Олар – Алматы қаласындағы №4 арнайы мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Гүлжанар Нұрпейісова мен Орал қаласындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Эльмара Траисова.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -