Астанада қаланың көлік қолжетімділігін арттыратын жаңа жол ашылды

3278
Фотосурет: Gov

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары үшін ыңғайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осыған байланысты Т.Рысқұлов көшесінің Мәңгілік Ел даңғылынан Нұра өзеніне дейінгі учаскесінің ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталған учаскеде жол құрылысына қатысты ауқымды жұмыс жүргізілді: көшенің жарықтандыру жүйесі, бағдаршам нысандары және жол қозғалысын реттеуге қажетті барлық белгі орнатылды. Тротуарларды абаттандыру жұмысы жалғасып жатыр.

Бұл учаскенің ашылуы көлік қозғалысының жылдамдығын айтарлықтай арттырып, қалалық магистральдердің жүктемесін азайтады.

Жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін сақтап, жаңа жол учаскесінде мұқият болуды сұраймыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -