Ардагерлер ақмолалықтардың Жеңіске қосқан үлесі туралы кітапты мектеп кітапханаларына табыстайды

1287
Фотосурет: Gov

Елордада Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Астана. Жеңіс жауынгерлері» атты кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараны елорда әкімдігі, қорғаныс істері жөнідегі департаменті, «Қарулы күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі және қалалық ардагерлер кеңесі бірлесіп ұйымдастырды. Оған ардагерлер мен ел тарихына есімдері енген жауынгерлердің ұрпақтары қатысты.

Кітап елордалық Ардагерлер кеңесінің бастамасымен, Астана әкімдігінің қолдауымен әзірленген. Негізгі мақсаты – жерлестеріміздің ерліктерін ұрпақ жадында сақтау және жастарды аға буынның жарқын үлгісі арқылы еңбексүйгіштікке баулу.

Бүгінгі тұсаукесер – бұл әкімдік, республикалық және қалалық ардагерлер ұйымдары және қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бірлескен жұмысының нәтижесі, – деді «Қарулы күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов. – Ақмола қаласы мен Ақмола облысынан әскерге шақырылған жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерліктері туралы бұл кітап жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде үлкен көмек болмақ.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есіловтің айтуынша, кітап елорда мектептерінің кітапханаларына табысталады. Бұл оқушыларға ақмолалық жауынгерлердің ерлігі мен тарихтағы жарқын беттермен танысуға мүмкіндік береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -