Ұлттық экономика министрлігі «Таза Қазақстан» кең ауқымды экологиялық акциясын қолдады

1100
Фотосурет: Gov

Мемлекет басшысы қатысқан "Таза Қазақстан" ауқымды республикалық акциясы шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 250 қызметкері қалалық сенбілікке шықты деп хабарлайды DKNews.kz.

Министрлік ұжымы бір кісідей жұмылып, Ботаникалық бақ саябағы аумағын қоқыс пен жапырақтан тазартты. Мұндай акцияларға қатысу қоршаған ортаға аялы көзқараспен қарауды қалыптастыруға, корпоративтік рухты сезіндіріп, әріптестердің өзара бірлігін нығайтуға ықпал ететін игі дәстүрге айналып отыр.

Жалпы, "Таза Қазақстан" акциясына барлық ел бойынша 610 мыңға жуық адам қатысуда. Сенбілік барысында 90 мың гектарға жуық аумақ тазартылып, 180 мың ағаш пен бұта отырғызылды. Әр өңірдің табиғат ерекшелігіне сай, алма, құс шие, тал және ирга ағаштары таңдалған.

"Таза Қазақстан" акциясы экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы шеңберінде өткізілуде. Оның мақсаты табиғатқа қамқорлық жасау дәстүрін қалыптастырып, елдегі экологиялық жағдайды жақсарту.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -