13 қазан күні Қазақстан бойынша жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі

1232
Фотосурет: @wirestock / freepik.com

Қазгидромет 13 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Атмосфералық фронталды бөліктер әсерінен республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. ҚР бойынша желдің күшеюі күтіледі. Еліміздің батысында, орталығында,  шығысында, оңтүстік-шығысында тұман, еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында 1 градус үсік күтіледі.

Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-шығысында, батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында,  Жамбыл облысының орталығында,  Алматы облысының батысында, Қостанай, Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында, Ұлытау облысының шығысында, орталығында, Жетісу, Абай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-шығысында,  Алматы облысының солтүстігінде, Ұлытау және Қостанай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -