Шығыс Қазақстан облысында бағалы металдарды заңсыз өндіру дерегі бойынша тергеу жалғасып жатыр

1199
Фотосурет: ҚР ҚМА

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҰҚКД Самар ауданы аумағындағы «Кенкарын» учаскесінде жер қойнауын өз бетінше пайдалану және бағалы металдарды заңсыз өндіру дерегін әшкереледі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жер қойнауын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұза отырып, күдіктілер екі жыл бойы тиісті лицензиясыз заңсыз алтын өндіріп, «Құлынжон» өзенінің арнасын өз бетінше өзгерткен.

Руданы өңдеу үшін ауыр арнайы техника мен өнеркәсіптік жабдықтар пайдаланылған.

Заңсыз әрекеттің салдарынан табиғатқа келтірілген залал көлемі 82 млн теңгеден асты.

Тексеру барысында ауыр арнайы техника (жүктиегіш, самосвал, экскаватор) және өнеркәсіптік жабдық тәркіленді.

Ұйымдастырушы 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Тергеу амалдары жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -