Алматыдағы «Жайлау» гольф-курортында Audi Quattro Cup 2025 ұлттық турнирі өтті. Турнирдің ұйымдастырушысы – Қазақстандағы Audi брендінің ресми дистрибьюторы, Orbis Auto автомобильдік тобының құрамындағы компания. Жарысқа Қазақстанның іскер қауымдастығы мен гольф клубтарының шамамен 100 өкілі қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жеңісті Қайрат Молдабаев пен Сабит Толегенов командасы иеленіп, 21–25 қараша аралығында өтетін турнирдің әлемдік финалында Қазақстанның намысын қорғайтын болады.

Қазақстандағы Audi Quattro Cup турнирінің қорытындысы бойынша өзге де номинациялардағы жеңімпаздар анықталды. Best Gross санатындағы басты жүлдені Бауыржан Саркытбаев пен Ансар Гасанов иеленді.

Stableford Net нәтижесі бойынша жеңімпаздар келесідей болды:
- 1 орын — Сабит Толегенов және Қайрат Молдабаев;
- 2 орын — Әлжан Жылқайдаров және Серік Турдалиев;
- 3 орын — Мұқан Сағындыков және Камшат Жораева.
Арнайы жүлделердің иегерлері:
- Longest Drive (ерлер арасында) — Исатай Жаксалиев,
- Longest Drive (әйелдер арасында) — Айдана Әбишева,
- Nearest to the Pin — Раушан Меирманова.

Алматыдағы Audi Quattro Cup турнирі дәстүрлі түрде гольф пен Audi брендіне қызығушылығы бар жандарды біріктіріп, спорт пен технология үйлескен дәлдік пен командалық рух атмосферасын қалыптастырады.

Audi Quattro Cup — әлемдегі ең ірі әуесқой гольф турнирлер сериясы. Audi бренді бұл жарысты 1991 жылдан бері ұйымдастырып келеді. Жыл сайын 38-ден астам елден ондаған мың ойыншы қатысады. Турнирдің форматы — командалық Greensome Stableford, мұнда гольфшылар жұбы аймақтық, ұлттық және әлемдік финалдарда бақ сынайды.
Қазақстанда Audi Quattro Cup премиум санаттағы гольф алаңдарында өткізіліп, кәсіпкерлерді, топ-менеджерлерді және брендтің тұрақты клиенттерін біріктіріп, гольфтың заманауи әрі интеллектуалды спорт түрі ретінде дамуына үлес қосады.