2025 жылғы 3 қарашада Астана уақытымен сағат 01:29-да ТЖМ «ННЦСНИ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 1079 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.
Сілкіністің энергетикалық класы — 14.2, ал MPV магнитудасы — 6.2 болды. Есептік сезілу қарқындылығы келесідей анықталды:
- Шымкент қаласында – 2 балл;
- Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентінде – 2 балл;
- Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласында – 2 балл;
- Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласында – 2 балл.
Қазіргі уақытта жарақат алғандар мен қирандылар туралы ақпарат түскен жоқ.