Алаяқтар зейнеткерлерге шабуыл жасауда: күмәнді қоңырау түскенде не істеу керек

957
Фотосурет: freepik.com

Алаяқтар әдетте қарт адамдарға қоңырау шалып, өздерін банк, полиция немесе мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстырады және бөгде адамдардың олардың шоттарынан ақша алуға әрекет жасап жатқаны туралы хабарлайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әңгіме барысында олар қорғаныс үшін қаражатты "қауіпсіз шотқа" аударуға сендіру арқылы шұғылдық пен қорқыныш сезімін ұялатады.

Әрі қарай, алаяқтар адамның мобильді банкингті пайдаланатынына көздерін жеткізеді, ақша аудару бойынша оларға нұсқаулар береді, бөгде қосымшаларды орнатуды ұсынады, осылайша жәбірленушінің құрылғысы мен қаржысына қашықтан қол жеткізеді.

Сіз неге назар аударуыңыз керек?

  1. Қаржылық операцияларды өткізуге итермелеп, өздерін банк, полиция немесе басқа құрылымдардың қызметкерлері деп атаса да, бейтаныс адамдарға сенбеңіз;
  2. Қоңырау шалушыда жеке деректердің болуы, олардың аталған мекемелердің қызметкерлері болуы мүмкін екенін білдірмейді;
  3. Әрқашан қоңырау шалушының мәліметтерін: оның атын, лауазымын және қай бөлімнен екенін анықтап жазып алыңыз, содан кейін ұйымның ресми байланыс орталығына қайта қоңырау шалыңыз;
  4. Егер «туыстар» шұғыл ақша аударуды сұраса, асып-саспай оларға өзіңіз қоңырау шалып, бәрі жақсы екеніне көз жеткізіңіз;
  5. Ешқашан телефон арқылы карта деректерін, үш таңбалы CVV кодын, құпия сөздерді, SMS кодтарын және шоттағы соманы айтпаңыз.

Есіңізде болсын: банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері ешқашан телефон арқылы құпия деректерді сұрамайды. Егер күдікті қоңырау түссе, әңгімені дереу тоқтатып, оқыс оқиға туралы банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарлаған дұрыс.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -