Төле би ауданындағы жаңа спорт кешені жастар спортын дамыту орталығына айналады

583
Фотосурет: Gov

Түркістан облысы, Төлеби ауданына қарасты Киелітас ауылдық округінде жаңа спорт кешенінің құрылысы басталып, оның іргетасына уақыт капсуласы қойылып, алғашқы қазығы қағылды. Игі шараға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов және «Шымкентцемент» компаниясының басшысы Иван Пак, аудандық мәслихат депутаттары қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жаңа спорт кешені – тек ғимарат емес, жастардың арманын асқақтататын, салауатты өмір салтын дәріптейтін, болашақ чемпиондардың алғашқы қадамын қалыптастыратын маңызды нысан.

Аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы «Біз ғимарат қалап жатқан жоқпыз – біз болашаққа сенім, ұрпаққа аманат, ел ертеңіне инвестиция салып жатырмыз!» – деп атап өтті.

Спорт кешенінің сыйымдылығы 150–200 адамға арналған. Ауданы – 1203 м², ал ашық футбол алаңы – 800 м². Кешенде футбол, мини-футбол, күрес, бокс, баскетбол, волейбол, жаттығу және фитнес залдары қарастырылған.

Жоба аудан әкімдігі мен «Шымкентцемент» серіктестігі және «Киелі Қазығұрт» мекемесі арасында жасалған үш жақты меморандум негізінде жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, ауданда бұқаралық спорт қарқынды дамып келеді. Бүгінде 51 мыңнан астам тұрғын спортпен тұрақты түрде айналысып, 225 спорт нысаны халыққа қызмет көрсетуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -