Мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу шығындарын өтеу қызметі одан әрі қолайлы болмақ

539
Фотосурет: Gov

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсетудің Қағидаларына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Тиісті бұйрық жобасы туралы ақпарат «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жаңа енгізілімдер бірыңғай деректер жинау форматын енгізуге, қағазбастылықты жоюға және қызмет көрсетудің ашықтығын арттыруға, сондай-ақ оны проактивті форматқа көшіруге мүмкіндік береді.

Бұйрық жобасына сәйкес өзгерістер келесі құжаттарға енгізіледі:

  • «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық;
  • «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №28 бұйрығы.

Бұйрық жобасы туралы ақпарат 2025 жылдың 1 желтоқсанына дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -