Қазақстандықтарға «салық органдарынан» келетін жалған хабарламалардың қайта көбеюі туралы ескертілуде

572
Фотосурет: @diana-grytsku / freepik.com

Бүгінгі таңда интернет-алаяқтар электрондық пошта мекенжайларына «Салықты шұғыл төлеу қажеттігі туралы ескерту» деген жалған хабарламалар жіберуді жалғастыруда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сондай-ақ, бұрыннан белгілі әдіс бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері ретінде танысып, қоңырау шалып, салықтық есептіліктің (270-нысан) жоқтығы туралы жалған ақпарат таратады.

Қазіргі уақытта алаяқтар өздерін курьер ретінде таныстырып, салық төлеушінің атына салық органынан хат келгенін айтып. Хатты жеткізу қызметін МКК (салық органы) төлейді деп сендіріп, мекенжайға жеткізуді ұсынады.

Содан кейін жәбірленушінің телефонына 1414 нөмірінен «Enbek.kz» атынан алты таңбалы код жіберіп, процесті аяқтау үшін сол кодты айтуын сұрайды.

МКК қырағылық танытуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, кодтар мен нөмірлерді ешкімге айтпауға, алынған ақпараттың дұрыстығын тексеруге және алаяқтардың айла-тәсілдеріне ермеуге шақырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -