Ұландық 8 телефонды түзету мекемесі аумағына жасырын өткізбек болған әрекеттің жолын кесті

1045
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Аршалыда қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесі аумағына тыйым салынған заттарды жасырын өткізбек болған әрекет дер кезінде тоқтатылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жедел бөлімге күзетілетін нысан аумағындағы көмір үйіндісінен күдік тудырған түйіншектің табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Хабарлама бірден тіркеліп, тиісті шаралар қабылданды.

Оқиға орнына жедел бөлім қызметкерлері 3 сыныпты сержант Нұрбол Аштаевпен және оның қызметтік итімен бірге шұғыл түрде жетті.

Көрсетілген орынға келген соң топ аумақты мұқият тексерді. Тексеру барысында қара түсті түйіншек ішінен сегіз мобильді телефон және екі SIM-карта анықталды. Бұл заттар күзетілетін аймаққа заңсыз жолмен өткізілмек болған.

Ұландықтың қырағылығы мен ҚАЖ комитетінің қызметкерлерімен бірлескен жедел іс-қимылының арқасында тыйым салынған заттарды өткізуге бағытталған әрекеттің жолы кесілді. Анықталған дерек бойынша материалдар тиісті органдарға одан әрі тергеу жүргізу үшін жолданды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -