Теңге бағамы қарашада нығайды: Ұлттық банк нарыққа араласпады

1386
Фотосурет: Максим Золотухин/DKNews.kz

Қараша қорытындысы бойынша теңге 3,3 пайызға нығайып, бір АҚШ долларына 512,57 теңгеге жетті. Қазақстан қор биржасындағы сауда жанданып, орташа күндік көлем 271-ден 280 млн долларға өсті, ал айлық жалпы көлем 5,6 млрд долларға жетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ұлттық қор бюджетке қолдау көрсетті

Қарашада Ұлттық қордан 600 млн доллар сатылды. Бұл қаражат республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз етуге бағытталды. Осылайша, Ұлттық қордан жүргізілген сату жалпы сауда көлемінің 10,7 пайызын немесе тәулігіне шамамен 30 млн долларды құрады. Үкімет жоспарына және күтілетін фискалдық түсімдерге сүйене отырып, желтоқсанда валюта сату көлемі 400–500 млн доллар шамасында болуы мүмкін

«Айна» операциялары және нарықтық бейтараптық

Қарашада айна операциялары аясында 475 млрд теңге стерилизацияланды. Желтоқсанда да шамамен осындай көлем күтіледі. Ұлттық банк мұндай операциялар нарыққа қысым жасамай, бірқалыпты және теңгерімді түрде жүргізілетінін, нарықтық бейтараптық қағидаты қатаң сақталатынын атап өтеді

Интервенциялар болған жоқ

Қарашада Ұлттық банк валюта интервенцияларын жүргізген жоқ. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің міндетті валюта түсімін сату көлемі шамамен 390 млн долларды құрады

Жоспарға сәйкес, реттеуші биыл шетел валютасын БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне сатып алған жоқ, себебі валюта активтерінің үлесі 40 пайыздан асып тұр. Желтоқсанда да валюта сатып алу жоспарланбаған

Ашықтық және икемді бағам

Реттеуші валюта нарығындағы барлық операциялар бойынша егжей-тегжейлі ақпаратты жариялауды жалғастыратынын мәлімдеді. Алдағы айларда теңге бағамы нарық қатысушыларының күтулеріне, салықтық төлемдерге, әлемдік ахуал мен геосаяси факторларға байланысты болады. Ұлттық банк теңгерімсіздіктерге жол бермеу және алтын-валюта резервтерінің тұрақтылығын сақтау үшін икемді бағам режимін ұстануға ниетті

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -