2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды (бұдан әрі – МҚҚЖҰ) 215 микроқаржы ұйымы, 209 кредиттік серіктестік және 473 ломбард құрайды, деп хабарлайды DKNews.kz.
МҚҚЖҰ активтері ағымдағы жылғы 3-тоқсанда негізінен микроқаржы ұйымдарының несие портфелінің төмендеуі есебінен 1,7%-ға азайып, 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 3,5 трлн теңгені құрады.
МҚҚЖҰ құрылымында активтердің ең көп үлесі микроқаржы ұйымдарына – 1,7 трлн теңге немесе 47,8%, кредиттік серіктестіктерге –1,3 трлн теңге немесе 37,0%, ломбардтарға – 526 млрд теңге немесе 15,2% тиесілі.
МҚҚЖҰ-ның несие портфелі 2025 жылғы 3-тоқсанда негізінен бизнес субъектілеріне берілген микрокредиттердің азаюы есебінен 3,7%-ға 3,0 трлн теңгеге дейін төмендеді.
Бизнес субъектілеріне берілген микрокредиттер 2025 жылғы 3 тоқсанда негізінен «КМF» МҚҰ-ын екінші деңгейдегі банкке айналдыру салдарынан 7,7%-ға 1,8 трлн теңгеге дейін азайды. МҚҚЖҰ секторында бизнес субъектілеріне берілген микрокредиттердің үлесі 58,4%-ды құрады.
Халыққа берілген микрокредиттер негізінен ломбардтар берген микрокредиттердің ұлғаюы есебінен 2025 жылғы 3-тоқсанда 2,3%-ға ұлғайып, 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1,3 трлн теңгені құрады.
МҚҚЖҰ портфеліндегі 90 күннен астам төлем мерзімі өткен қарыздардың (NPL90+) деңгейі 2025 жылғы 1 қазанда 4,4%-ды құрады (01.01.2025ж. – 4,6%).
Халыққа берілген микрокредиттер портфелінде 90 күннен астам төлем мерзімі өткен микрокредиттердің үлесі 6,4%-ды (01.01.2025ж. – 6,0%), бизнес портфелінде – 3,3%-ды (01.01.2025ж. – 3,1%) құрады.
2025 жылғы 3-тоқсанда МҚҚЖҰ-ның міндеттемелері алынған қарыздардың төмендеуі есебінен 5,7%-ға 2,2 трлн теңгеге дейін азайды. Қорландыру құрылымындағы негізгі үлес алынған қарыздарға тиесілі болады, олардың үлесі жиынтық міндеттемелердің 66,8%-ын немесе 1,4 трлн теңгені құрайды.
МҚҚЖҰ-ның меншікті капиталы негізінен бөлінбеген пайда және резервтік капитал есебінен тоқсан ішінде 5,8%-ға ұлғайып, 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1,3 млрд теңгені құрады.
2025 жылғы 3-тоқсанда анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша МҚҚЖҰ-ға қатысты 148 әкімшілік жаза қолданылды, оның ішінде 102,9 млн теңге сомаға 126 хаттама жасалды, 18 жазбаша ұйғарым, 90 күнге дейінгі мерзімге 1 лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ 3 МҚҚЖҰ лицензиядан айыру түрінде шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды.
МҚҚЖҰ-ға қатысты ықпал ету шараларын қолдануға әкеп соққан негізгі бұзушылықтар уәкілетті органның жазбаша ұйғарымдарын орындамау және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жүйелі түрде бұза отырып қызметті жүзеге асыру болып табылады.