Маңғыстаудан Ұлттық ұлан академиясына жол тартқан Арман Ешмановтың арманы орындалды

1386
Фотосурет: ҚР ҰҰ баспасөз қызметі

Бүгінде ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған әскери мамандықтарға қызығушылық артып келеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әсіресе, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының беделді оқу ордасы – Ұлттық ұлан академиясы жастардың арманына айналған. Әр өңірден келген жас талапкерлер осы академияны таңдап, нағыз офицер болу жолына түсуде. Солардың бірі – Маңғыстау облысының Қарақия ауданынан келген Ешманов Арман Оңғарбайұлы.

Арманның әскери өмірге қызығушылығы мектеп қабырғасынан басталған. Бір күні олардың мектебіне жергілікті орналасқан Ұлттық ұлан әскери бөлімінен келген әскери қызметшілері, әскери өмір мен офицер мамандығы туралы дәріс өткізген.

Әскери қызметшілер академия курсантарының оқуы мен қызметі туралы шынайы әрі мақтанышпен айтылды. Сол кездесуден менің көзқарасым түбегейлі өзгеріп. Сол сәтте мен “мен де осылай елге қызмет еткім келеді” деп шештім, — дейді Арман.

Кездесуден кейін ол академия туралы толығырақ ақппарта алу үшін Ақтау қаласындағы орналасқан Ұлттық ұлан әскери бөліміне барғаны. Сол әскери бөлімінде академияға түсу тәртібімен таныстып жолдама алғаны тұралы айтты.

Осылайша, мектепті тәмамдаған соң Арман Ұлттық бірыңғай тестілеуден 60-тан жоғары балл жинап, өз күшін сынауға бел буды.

Маңғыстау өңірінен келген Арман Ешманов Ұлттық ұлан академиясына келіп, барлық құжаттарын тапсырғаннан кейін медициналық тексеруден, кәсіби және психологиялық іріктеуден сәтті өтті. Сондай-ақ, дене шынықтыру сынағын жоғары нәтижемен тапсырып, өз арманын жүзеге асыруға үлкен қадам жасады. Енді ол – болашақ офицер атануға жолдама алған талапты жас.

Арман қазіргі таңда 3 курс курсантты, осы үш жыл ішінде Арман өзін тек жақсы жағынан көрсетті. 2024 жылдың желтоқсан айында ол Академия қабырғасында өткен қоян-қолтық ұрыстан II орын иеленіп, өз қабілетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қазір Арман Командалық-тактикалық мамандығы бойынша білім алып жүр.   Оның арманы — өз ісінің шебері, елге адал офицер атану.

Егер кімде-кім әскери өмірге қызығушылық танытса, мен оларға бір-ақ нәрсе айтам: Алда қойылған армандарын орындалсын десен! Ұлттық ұлан академиясы — өз арманыңды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ең сенімді орын. Мұнда ертеңгі күнге сеніммен қарайсың, себебі саған мемлекет қамқорлық жасайды, — дейді жас курсант, болашақ офицер!

Бүгінде Ұлттық ұлан академиясы — елдің әр аймағынан келген жастардың мақтанышына айналған. Мұнда білім мен тәрбие, ерлік пен рух тоғысқан. Егер сен де ертеңгі офицер болғың келсе, еліңнің намысын қорғап, ел тыныштығына үлес қосқың келсе, Ұлттық ұлан академиясының есігі әрқашан ашық.

Бұл жол — оңай емес. Бірақ бұл — нағыз ерлердің жолы. Ал табандылық пен намыс бар жерде — Арман секілді жастар ел сенімін ақтай береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -