Қазақстан киносы мен театрының аңызы Асанәлі Әшімов өмірден өтті

935
Фотосурет: t.me/madenietaqparat

88 жасында кеңестік және қазақстандық актер, театр және кино режиссері, сценарист, педагог, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық әртісі Асанәлі Әшімов өмірден өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның Еңбек Ері, Халық әртісі, қазақ театр мен кино өнерінің көрнекті өкілі Асанәлі Әшімұлы Әшімовтің өмірден озуына байланысты отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады.

Асанәлі Әшімұлы ұлттық руханияттың дамуына өлшеусіз үлес қосқан, қазақ театр және кино өнерінің биік кәсіби мектебін қалыптастырған дара тұлға болды. Оның сахна мен экранда жасаған көркем бейнелері, режиссерлік және педагогикалық қызметі отандық өнер тарихында айрықша орын алады.

Марқұмның жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз.

Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болғай.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -