Оқудан қызметке: Бас прокуратура жанындағы Академияда салтанатты түлектерді шығару рәсімі өтті

1859
Фотосурет: ©️ А.Байжұманов/Сенаттың Баспасөз қызметі

Парламент Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын бітіруге арналған салтанатты шараға қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Сенатор оқудың сәтті аяқталуына байланысты түлектерді құттықтады және оларға алдағы қызметтеріне табыс тіледі. Ол академия қабырғасында алған білімі мен дағдылары қоғамда Мемлекет басшысы белгілеген «Заң және тәртіп» қағидатын нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді. Дархан Қыдырәлі сондай-ақ Президенттің Жарлығымен күні кеше «Халық қаһарманы» атағы берілген Бауыржан Момышұлы еңбек жолын прокуратура органдарында бастағанын еске салды және батыр ағадан үлгі алуға, жас мамандарды елге абыроймен әрі жауапкершілікпен қызмет етуге шақырды.

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Сенатор шара аясында Құқық қорғау органдары академиясының басшылығымен кездесті. Ол оқу орнының құрылғанына 10 жыл толуына орай ұжымды құттықтады және осы жылдар ішінде академия еліміздің құқық қорғау жүйесіндегі білікті кадрлардың кәсіби ұстаханасына айналғанын атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -