Ұландықтар ҰОС ардагерін Жаңа жылмен құттықтады

1221
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы Ұлы Отан соғысының ардагері, ғасыр белесін еңсерген қарт майдангер Вениамин Пантелеевич Скаленконың шаңырағына арнайы барып, оны Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ардагердің үйіне келген офицерлер мен әскери қызметшілер соғыс жылдарындағы ерлік жолын еске алып, майдангердің ел үшін төккен теріне, сіңірген еңбегіне ыстық ықыластарын білдірді. Шара барысында әскери оркестр патриоттық әуендер шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының басшысы атынан ардагерге Алғыс хат табысталып, мерекелік сый-сияпат ұсынылды. Жүз жасқа келсе де, елдің амандығы мен Ұлттық ұлан жауынгерлерінің қызметіне тілекші екенін жеткізген Венамин Пантелеевич жүрекжарды алғысын білдірді.

Бұл игі шара ардагерлерге құрмет көрсету, қоғам назарын қарияларды ардақтаудың маңыздылығына аудару және патриоттық тәрбиені нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -