Айналымы шамамен 1,9 млрд: АФМ цифрлық активтердің заңсыз айналымын анықтады

3069
Фотосурет: ҚМА

ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті цифрлық активтердің заңсыз айналымын ұйымдастыру және есірткі сатудан түскен кірістерді заңдастыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бір жыл бойы кәсіби ақша жылыстатушылар тобы Binance платформасында цифрлық активтерді айырбастау операцияларын жүргізген.

Криптоәмияндар арқылы өткен жалпы айналым 1,88 млрд теңгеден асты.

Сонымен қатар, күдіктілер «Fresh», «Butterfly», «CrystalOrganic», «Траутвайт НОН киви» және «SkittyShop» Telegram-арналары арқылы есірткі сатудан түскен 603 млн теңгені заңдастырған.

Схемада шетел азаматтарының атына тіркелген дроп-карталардың ұйымдасқан желісі пайдаланылған.

Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдіктілер тұрғын үй, пәтер, 5 автокөлік сатып алып, сондай-ақ отбасылық мейрамхана салған.

Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Екі күдікті қамауға алынды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -