ШҚО ТЖД құтқарушылары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 59 мыңнан астам үйді аралады

1892
Фотосурет: ШҚО ТЖД

ШҚО ТЖД мамандары жылыту маусымы басталғалы пешпен жылытылатын 59 000-нан астам жеке тұрғын үйді аралап шықты. Уақтылы жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде шамамен 17 мыңға жуық заңбұзушылық анықталып, оның 2489-ы ТЖД қызметкерлерінің ұсынымдары бойынша сол жерде жойылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Рейдтер барысында әлеуметтік осал азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында үйлерге ТЖД қызметкерлері 489 көмірқышқыл газының (иіс газының) датчигін орнатты. Осы жылыту маусымында мұндай датчик тұрғын үйде жиналған қауіпті газ туралы дер кезінде дабыл беріп, егде жастағы әйелдің өмірін сақтап қалды.

«Көбінесе тұрғын үйлердегі бұзушылықтар пештер мен электр құралдарын дұрыс пайдаланбаумен байланысты: түтін мұржалары уақытылы тазаланбайды, жарығы бар пештер жөнделмейді, өрт қаупі жоғары розеткалар қолданылады және бір розеткаға бірнеше электр құралын қосып, желіге артық жүктеме түсіріледі», – деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.

ШҚО ТЖД өрттердің және көмірқышқыл газынан улану жағдайларының алдын алу үшін төмендегі қағидаларды қатаң сақтауды еске салады:

  • түтін құбырлары, мұржалар және пештердің басқа да элементтері жылыту маусымы кезінде күйеден уақтылы тазартылуы тиіс: мерзімді пештер үшін кемінде үш айда бір
  • рет, үздіксіз жұмыс істейтін пештер үшін кемінде екі айда бір рет;
  • шатырларда және түтін арналары өтетін үй-жайларда барлық түтін құбырлары мен қабырғалар әктелуі қажет;
  • пештің алдындағы еденде өлшемі 50×70 см болатын металл оттық алды қаңылтыры болуы тиіс;
  • оттықтан шығарылған қызған күл мен қож арнайы белгіленген орынға төгіліп, үстіне су құйылуы қажет.

Пешпен жылытуды қауіпсіз пайдаланудың маңызды факторларының бірі – пештің дұрыс орнатылуы. Атап айтқанда, пеш жанғыш құрылымдардан нормативтерге сәйкес өртке қарсы қашықтықпен (бөлгішпен) орнатылуы тиіс. Қатты аяз кезінде пешті күніне 2–3 рет, әр жолы 1–1,5 сағаттан артық емес уақыт жағу керек, пешті қатты қыздырып алмау үшін.

Электр желісіне артық жүктеме түсірмеңіз, бір розеткаға бірден бірнеше электр құралын қоспаңыз.

Ашық отты абайсыз пайдалануға жол бермеңіз. Өрт болған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -