Оның жүрген жерін полицейлер анықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жасөспірім Жетісу аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері, криминалдық полиция және ювеналдық полиция бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында табылды. Қазіргі таңда жасөспірімнің өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.Бұған дейін хабарланғандай, аталған жасөспірім үйінен бірнеше рет кетіп қалып жүрді. Табылған сәтте ол тұрғылықты мекенжайынан тыс жерде болып, қаңғыбастықпен айналысқан.
Кәмелетке толмаған жасөспірім анасына тапсырылды. Отбасымен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді, материалдар ювеналдық полицияның бақылауына алынды.
Алматы қаласының полициясы іздестіру іс-шараларына белсенді атсалысқан волонтерлер мен бейжай қарамаған азаматтарға алғыс білдіреді.