Жаңа буын алаяқтығы: жасөспірімдер чектерді жасанды интеллект арқылы қолдан жасаған

748
Фотосурет: Gov

Жетісуда ЖИ арқылы жалған чек жасаған кәмелетке толмағандар тобы әшкереленді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жетісу облысында үш кәмелетке толмаған азаматтың жалған банктік чектерді жасау үшін жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын пайдаланып, сатушыларды жаңылыстыру арқылы тауарларды бірнеше рет жымқырғаны анықталды.

Құқыққа қарсы әрекет нақты ақша қаражатының түсуі мен сатып алушылар ұсынған электрондық чектер арасындағы сәйкессіздікті байқаған кәсіпкерлердің өтініштерінен кейін жедел анықталды. Аталған дерек бойынша алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет жасалған алаяқтық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Жетісу облысының прокуратурасы кәсіпкерлер мен барлық азаматтарды прокуратурасы сақтықты күшейтуге шақырады, сондай-ақ төлемдерді тек банктердің ресми мобильді қосымшалары және транзакцияларды растау сервистері арқылы тексеруді ұсынады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -