Қазақстан мен Вена арасын жалғаған музыкалық көпір: жаңа халықаралық әріптестік

803
Фотосурет: МаратД./ wikipedia.org

Қазақ ұлттық консерваториясы әлемнің ең үздік шығармашылық жоғары оқу орындарының бірімен меморандумға қол қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы әлемдегі үш үздік шығармашылық оқу орындарының бірі «University of Music and Performing Arts Vienna» Вена музыка және сахналық өнер университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл университет ғасырлар бойы әлемдік өнер мен академиялық дәстүрдің қалыптасуына ықпал етіп келеді. Қазіргі кезде білім ордасында музыка, театр және кино салалары бойынша 3000-нан астам студент пен оқытушылар бар.

Меморандум аясында тараптар шығармашылық кадрларды кәсіби даярлау саласында ұзақ мерзімді академиялық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ халықаралық білім беру және мәдени байланыстарды нығайту бойынша келісімге келді.

Құжат бірнеше негізгі бағыттарды қамтиды. Солардың бірі – академиялық ұтқырлықты дамыту. Вокал, композиция, операға дирижерлік ету және аспаптық орындау (скрипка, фортепиано, үрмелі аспаптар және перкуссия) салаларында шығармашылық ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылған. Сонымен қатар музыкатану, этномузыкатану және мәдениет менеджменті саласы бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу жоспарланған. Ынтымақтастық аясында студенттер мен оқытушыларды халықаралық бағдарламаларға, оның ішінде International Summer Academy mdw-ге қатыстыру жоспарланған.

Бұдан бөлек білім беру, өнер және мәдениет саласындағы ұзақ мерзімді жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланып жатыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -