Алматы Оңтүстік Кореяның үздік тележобасының эфиріне шықты

957
Фотосурет: Gov

Алматы Оңтүстік Кореядағы ең жоғары рейтингке ие жобалардың бірі «Менің кішкентай бойдақ жігітім» (SBS) телешоуының түсірілім алаңына айналды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оңтүстік Кореяда миллиондаған көрермені бар бағдарлама апта сайын эфирге шығады.

Түсірілімге танымал корей актерлері Пэ Чон Нам, Ли Сон Мин, Ким Сон Гюн және Ким Чон Су қатысты. Бағдарлама Алматы қаласы мен өңірдің негізгі туристік нысандарында, атап айтқанда Көктөбеде, Шымбұлақта, Медеуде, Көк базарда, Көлсай көлдерінде және өзге де көрнекті орында түсірілді.

Алматыға арналған шығарылым 2026 жылы ақпан айының басында SBS телеарнасынан эфирге шығарылады деп жоспарланған.

«Мені бұл өңірдің Кореяда кездеспейтін кең тынысты, тосын табиғи көріністері ерекше қызықтырды. Алматы Кореядан алыс болмаса да, мұндағы табиғат мүлде бөлек әсер қалдырады. Бұл ауасы таза, қала өмірі мен табиғат бір-бірімен табиғи үйлесім тауып, астасып жатқан қала. Кореямен салыстырғанда, мұндағы табиғат әлдеқайда ауқымды әрі табиғи қалпы жақсы сақталғандай әсер сыйлайды», – деп жобаның режиссер-операторы Алматының өзіне ерекше әсер еткенін жеткізді.

Алматыда түсірілім тобына Almaty Tourism Bureau командасы қолдау көрсетіп, ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз етті. Жоба халықаралық деңгейдегі маңызды ақпараттық оқиғаға айналып, шетелдік аудиторияның Алматының туристік әлеуетіне деген қызығушылығын арттырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -