Қазақстандықтарға ескерту: фишингтік сайттар қалай алдайды

1606
Фотосурет: Gov

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандықтарды фишингтік сайттардың қауіптілігі туралы ескертті. Ведомствоның мәліметінше, алаяқтар азаматтарды күмәнді сілтемелерге өткеізу үшін «кликбейт» деп аталатын айла-тәсілдерді жиі қолданады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мұндай тақырыптар адамдардың қызығушылығын оятып, оларды қауіпті сайттарға өтуді итермелейді.

Кликбейттің кең тараған мысалдары: «Тек бүгін! iPhone жарты бағамен, тек... жасауыңыз керек...», «Сіз сенбейсіз! Жаңа жылдың құрметіне сыйлықтар таратылуда!», «Бұл сенсация! Егер сіз түнге ... ішсеңіз, ешқандай тұмау мен коронавирус қорқынышты болмайды».

Алаяқтар қандай тәсілдерді қолданады

Кибералаяқтар көбіне жоқ ұйымдардың, дүкендердің немесе сервистердің атынан электрондық пошта арқылы және түрлі мессенджерлерде осындай тақырыптармен хаттар жібереді.

Кейбір жағдайларда мұндай хабарламалар бейнемен бірге таратылады, алайда оны көру үшін пайдаланушыдан гаджетке арнайы қосымша орнату талап етіледі. Егер адам қосымшаны жүктесе, құрылғыға зиянды бағдарламалық қамтылым орнатылуы мүмкін, ал мұндай бағдарламалар арқылы алаяқтар дербес деректерге қол жеткізіп, құрылғыны қашықтан басқару мүмкіндігіне ие болады.

Сілтемеге өтсеңіз не болады

Пайдаланушылар егжей-тегжейін білу үшін тақырыпты басқанда, олар фишингтік сайтқа тап болуы мүмкін.

Мұндай сайттар көбіне танымал жаңалықтар порталдарының, интернет-дүкендердің немесе қызмет көрсету сервистерінің көшірмесі ретінде жасалады.

Егер жалған онлайн-дүкен беті ашылса, пайдаланушылардан банк картасының деректерін енгізу сұралады, ал жалған тапсырыс рәсімделгеннен кейін кибералаяқтар төлем туралы барлық ақпаратқа қол жеткізеді.

Алаяқтық кликбейттің негізгі белгілері

Мамандар күмәнді сілтемелердің бірнеше белгісін атады: бет ұзақ жүктеледі және сізді басқа сайтқа бағыттайды, ал сілтемені басқан кезде файл немесе қосымша жүктеуді сұрайды.

Егер осындай белгілерге тап болсаңыз, қосымшаны бірден жауып, ештеңе жүктемеу және ешқандай дерек енгізбеу қажет.

Гаджеттерді қалай қорғауға болады

Мамандар құрылғыларды қорғау үшін бірнеше қарапайым ережені ұстануға кеңес береді: гаджет баптауларында белгісіз дереккөздерден бағдарламаларды орнатуға тыйым салу, антивирустық бағдарламаны орнатып оны тұрақты түрде жаңартып отыру, сондай-ақ браузерде жарнаманы бұғаттайтын кеңейтулерді пайдалану.

Мысалы, AdBlock, uBlock Origin, Ghostery немесе AdGuard сияқты құралдар көбіне тегін қолжетімді және алаяқтардың көптеген әрекеттерін бұғаттауға көмектеседі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -