Бұл бастама Алматы тұрғындары үшін өте пайдалы мәдени жоба болайын деп тұр.
Жазғы буккроссинг алаңдары арқылы адамдар кітаптарды тегін оқып, өз кітаптарымен алмаса алады — бұл әрі экологиялық, әрі зияткерлік демалыс форматы, деп хабарлайды DKNews.kz.
Буккроссинг алаңдары ашылатын орындар
- Ганди саябағы
- Қарғалы саябағы
- М. Мақатаев атындағы сквер
- №44 кітапхана
- Шілдеден бастап: А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана
Жұмыс уақыты
🕙 Дүйсенбі – сенбі
10:00–17:00
Қандай кітаптар болады?
- Көркем әдебиет
- Танымдық кітаптар
- Мотивациялық әдебиеттер
Жобаның мақсаты
Жоба қоғамдық кеңістіктерді тек серуен орны емес, мәдени және зияткерлік байланыс орнататын ортаға айналдыруды көздейді. Сонымен қатар тұрғындар:
- таза ауада кітап оқи алады;
- кітаптарын басқа оқырмандармен бөлісе алады;
- жаңа авторлар мен жанрларды аша алады.