Алматыда халықаралық брендтің тауар белгісін заңсыз пайдаланғандарға қатысты ірі құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Xinhua.
Қаладағы Әділет департаменті Киберполициямен бірлесіп жүргізген тексеру барысында 52 мыңнан астам монтаждау желімі заңсыз айналымнан тәркіленді. Алдын ала есеп бойынша олардың жалпы құны 5 миллион теңгеден асады.
Заңсыз өнім қалай анықталды?
Тексеру халықаралық құқық иеленушіге тиесілі тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі бойынша жүргізілген.
Мамандардың мәліметінше, тәркіленген өнімдерге халықаралық брендтің тауар белгісіне айырғысыз дәрежеде ұқсас белгі заңсыз қойылған.
Мұндай таңбалау сатып алушыларды жаңылыстыруы мүмкін әрі зияткерлік меншік құқықтарын бұзу болып саналады.
️Алматы қ Әділет департаменті
Нақты қанша өнім тәркіленді?
Тексеру барысында заңсыз айналымнан:
- 52 мыңнан астам монтаждау желімі;
- жалпы құны 5 млн теңгеден асатын өнім алынды.
Бұл – соңғы уақытта Алматыда анықталған ірі контрафакт өнімдерінің бірі.
️Алматы қ Әділет департаменті
Іс сотқа жіберілді
Тексеру қорытындысы бойынша уәкілетті тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырды.
Енді барлық материалдар мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданады. Сот шешімінен кейін заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.
️Алматы қ Әділет департаменті
Контрафактпен күрес жалғасады
Алматы қаласының Әділет департаменті тауар белгілерін қорғау және зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдаланудың жолын кесу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.
Мамандар тұтынушыларға өнім сатып аларда оның шығу тегі мен таңбалануына назар аударуға кеңес береді. Контрафакт өнім тек құқық иеленушілерге ғана емес, сатып алушылардың да қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.