Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдығына арналған турнирде Генералдар кеңесі жеңіске жетті

693
Мәдина Есенова Редактор
Фотосурет: Gov

Астанада тұңғыш қазақ ғарышкері, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына арналған волейбол турнирі өтті.

Команда Совета генералов стала победителем турнира по волейболу в честь 80-летия Тохтара Аубакирова

Қарулы күштердің әскери қызметшілері мен ардагерлерін біріктірген жарыстың жеңімпазы «Генералдар кеңесі» командасы болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде ұйымдастырылған турнирге Қарулы күштердің әртүрлі құрылымдары мен ардагерлер ұйымдарының тоғыз командасы қатысты. Бұл жарыс тек спорттық дода ғана емес, әскери дәстүрді, сабақтастықты және елге қызмет ету құндылықтарын насихаттайтын маңызды шараға айналды.

Команда Совета генералов стала победителем турнира по волейболу в честь 80-летия Тохтара Аубакирова

Кімдер бақ сынады?

Турнирде Қарулы күштердің түрлері, Тыл бастығы мен Қару-жарақ бастығы басқармалары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті, 32039 әскери бөлімі, сондай-ақ «Генералдар кеңесі» және «Қарулы күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестіктерінің командалары өнер көрсетті.

Кездесулер жоғары қарқынмен өтіп, командалар жеңіс үшін соңына дейін күресті.

Команда Совета генералов стала победителем турнира по волейболу в честь 80-летия Тохтара Аубакирова

Жеңімпаздар анықталды

Тартысты ойындардың қорытындысы бойынша:

  • І орын – «Генералдар кеңесі» командасы;
  • ІІ орын – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің командасы;
  • ІІІ орын – «Қарулы күштердің ардагерлері» командасы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапаттарға ие болды.

Команда Совета генералов стала победителем турнира по волейболу в честь 80-летия Тохтара Аубакирова

«Тоқтар Әубәкіров – халқымыздың мақтанышы»

Марапаттау рәсіміне «Қарулы күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов қатысып, қатысушыларды құттықтады.

– Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров – халқымыздың мақтанышы, Отанға адал қызмет етудің, ерлік пен табандылықтың жарқын үлгісі. Оның өмір жолы бүгінгі әскери қызметшілер үшін нағыз өнеге. Сондықтан осындай тұлғаның мерейтойына арналған турнирдің ұйымдастырылуы – оған деген құрметтің ғана емес, жас ұрпаққа тағылым берудің де жарқын көрінісі. Спорт – әскери қызметтің ажырамас бөлігі. Ол шыдамдылықты, тәртіпті, ұйымшылдықты қалыптастырып, жауынгерлік рухты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосады, – деді Марат Нағұманов.

Команда Совета генералов стала победителем турнира по волейболу в честь 80-летия Тохтара Аубакирова

Турнирдің басты мақсаты

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойын атап өтумен қатар, әскери қызметшілер мен ардагерлер арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.

Сонымен бірге турнир:

  • салауатты өмір салтын дәріптеуге;
  • әскери-патриоттық құндылықтарды насихаттауға;
  • ұрпақтар сабақтастығын күшейтуге;
  • әскери ұжымдардағы бірлік пен жауынгерлік рухты арттыруға ықпал етеді.

Осындай бастамалар арқылы Тоқтар Әубәкіровтің өмір жолы мен ел алдындағы еңбегі тағы бір мәрте дәріптеліп, оның есімі жас буын үшін ерлік пен отансүйгіштіктің символы ретінде насихатталуда.

Команда Совета генералов стала победителем турнира по волейболу в честь 80-летия Тохтара Аубакирова

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -