Алматыда соғыс ардагері 99 жасқа толды

781
Мәдина Есенова Редактор
Фотосурет: Gov

Алматыда Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Илья Григорьевич Кудин 99 жасқа толды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Майдангерді туған күнімен әскери қызметшілер арнайы барып құттықтап, Қорғаныс министрінің атынан сый-құрмет көрсетті. Жеңісті жақындатқан жауынгердің өмір жолы – бүгінгі ұрпақ үшін тағылымға толы тарих.

Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Жетісу ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері майдангердің шаңырағына арнайы барып, мерейлі жасымен құттықтады.

Ардагерге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің құттықтау хаты мен естелік сыйлықтар табысталып, зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тілегі айтылды. Әскери қызметшілер оның Отан алдындағы адал қызметі мен майдандағы ерлігіне алғыс білдірді.

Кездесу барысында Илья Григорьевич соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісті. Оның айтуынша, сол бір ауыр кезеңде жасөспірімдер де үлкен сынақтан өтті. Олар майданға аттанған туған-туыстарын шығарып салып, талай қайғыны бастан кешірсе де, Жеңіске деген үмітін жоғалтпаған.

– Ең бастысы – бейбітшілікті сақтау. Біз соғыстың зардабын жақсы білеміз. Жас ұрпаққа Отанын сүюді, үлкенді құрметтеуді және еліміздің аспаны әрдайым ашық болуы үшін еңбек етуді тілеймін, – деді ардагер.

Майданнан Қиыр Шығысқа дейінгі жол

Илья Григорьевич Кудин 1927 жылы Алматы облысының Кербұлақ ауданында дүниеге келген.

1944 жылдың соңында Талдықорған өңірінен әскер қатарына шақырылып, артиллериялық бөлімдерде қызмет атқарды. Германия тізе бүккеннен кейін де оның әскери жолы аяқталған жоқ. Ол Қиыр Шығысқа жіберіліп, Жапонияға қарсы әскери операцияларға қатысты.

Майдангер туған жеріне тек Жеңістен кейін алты жылдан соң ғана оралды.

В Алматы ветерана войны Илью Кудина поздравили с днем рождения

Еңбекпен өрілген бейбіт өмір

Соғыстан кейін Ілияс Григорьевич ұзақ жылдар механизатор болып еңбек етіп, елдің дамуына өз үлесін қосты.

Ол майдандағы ерлігі мен бейбіт кезеңдегі адал еңбегі үшін ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Бүгінде ардагер үлкен әулеттің ақсақалы. Оның төрт немересі мен үш шөбересі бар. Ұрпақтары аталарының ерлігі мен еңбек жолын мақтан тұтып, оның өмірлік ұстанымын кейінгі буынға үлгі етеді.

99 жасқа келген майдангердің өмірі – тек өткеннің тарихы емес, бейбітшіліктің бағасын ұғындыратын, елге қызмет етудің шынайы мәнін көрсететін тағылымды ғұмыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -