Қазақстан армиясындағы жауынгерлік дайындық жаңа деңгейге көтерілуде

682
Мәдина Есенова Редактор
Фотосурет: Gov

Қазақстан Қарулы күштерінің Құрлық әскерлерінде жауынгерлік даярлықтың жаңа кезеңі басталды.

Ендігі басты мақсат – әскери қызметшілерді тек әскери машыққа ғана емес, жауапкершілікке, бастамашылдыққа және заманауи қауіп-қатерлерге дайын болуға үйрету, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осы бағыттағы жұмыстардың қалай жүріп жатқанын Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Мереке Көшекбаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерге арнайы барып тексерді.

Боевая подготовка в Сухопутных войсках: ставка на новые стандарты

Жаңа жүйе қалай жұмыс істейді?

Жаңартылған бағдарлама бойынша сарбаздарды даярлау бірнеше кезеңнен тұрады.

Алдымен әскери қызметшілер жас сарбаз курсынан өтіп, Әскери ант қабылдайды. Осыдан кейін олар алты негізгі бағыт бойынша базалық дайындықтан өтеді:

  • атыс дайындығы;
  • тактикалық дайындық;
  • инженерлік дайындық;
  • әскери-медициналық дайындық;
  • байланыс;
  • әскери топография.

Бұл кезең аяқталған соң әрбір әскери қызметші өзінің бөлімшесіне қажетті әскери мамандықты меңгеруге кіріседі.

Мұндай тәсіл сарбаздың теориялық білімін ғана емес, нақты қызмет барысында қажет болатын практикалық дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Боевая подготовка в Сухопутных войсках: ставка на новые стандарты

«Әр сарбазбен жеке жұмыс жүргізу қажет»

Әскери бөлім командирлерімен кездесуде генерал-майор Мереке Көшекбаев жаңа бағдарламаның табысты болуы ең алдымен офицерлердің жұмысына байланысты екенін айтты.

– Жауынгерлік оқу үздіксіз жалғаса береді. Командирлер үшін жаңа жауынгерлік даярлық бағдарламасын тиімді енгізу және әрбір сарбазбен дербес жұмыс жүргізу басты міндет болуы тиіс. Біз әскери борышын жауапкершілікпен, әрі адал атқара алатын, саналы Отан қорғаушыларын тәрбиелеуге міндеттіміз, – деді генерал-майор Мереке Көшекбаев.

Оның айтуынша, қазіргі әскери басшы тек сабақ ұйымдастырушы ғана емес.

Командир әрбір сарбаздың қабілетін танып, оны дамытуға ықпал етіп, әскери ұжымда тәртіп пен өзара құрметке негізделген ортаны қалыптастыра алуы керек.

Боевая подготовка в Сухопутных войсках: ставка на новые стандарты

Бас қолбасшы үздік сарбазбен кездесті

Сапар барысында бас қолбасшы механикаландырылған бригададағы сабақтардың өту барысын көріп, мерзімді әскери қызметшілермен әңгімелесті.

Ол гранатаатқыш Қадыржан Төлегеннің жауынгерлік дайындығын жоғары бағалады.

Әскери қызметші үшін бұл кездесу ерекше оқиға болды.

– Бүгін менің өмірімдегі ең маңызды күндердің бірі десем болады. Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысымен жеке кездесіп, оның алғысын есту – үлкен мәртебе. Алдағы уақытта да Отанға адал, әрі жауапкершілікпен қызмет етуге дайынмын, – деді Қадыржан Төлеген.

Басты басымдық – кәсіби әрі жауапты әскери қызметші

Сапар қорытындысында генерал-майор Мереке Көшекбаев жауынгерлік даярлықты жетілдіру жұмыстары әскери тәлімгерлік институтын дамыту арқылы жалғасатынын айтты.

Оның пікірінше, кәсіби, тәртіпті әрі өз ісіне жауапты әскери қызметшіні қалыптастыруда командирдің рөлі шешуші мәнге ие.

Жаңартылған дайындық жүйесі де дәл осы мақсатқа бағытталған: әрбір сарбаздың кәсіби деңгейін көтеріп қана қоймай, оны әскери ұжымның сенімді мүшесі әрі ел қауіпсіздігін қорғауға дайын Отан қорғаушы ретінде тәрбиелеу.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -