Патриотизмнің жарқын үлгісіне айналған ғұмыр: Тоқаев Иван Гапич туралы

737
Ринат Сафин Редактор
Фотосурет: Akorda

Мемлекет басшысы Халық қаһарманы Иван Гапичтің өмір жолын елге адал қызметтің үлгісі деп атады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соғыс және еңбек ардагері, Халық қаһарманы Иван Гапичтің дүниеден өтуіне байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Президенттің көңіл айтуы

Жеделхатта Мемлекет басшысы Иван Гапичтің соғыс жылдарындағы ерлігі мен бейбіт кезеңдегі ұзақ жылғы қызметін ерекше атап өтті.

«Иван Степанович майданға өз еркімен аттанып, байланысшы ретінде соғыстың соңына дейін қатысты. Елге оралған соң ұзақ жылдар бойы прокуратура органдарында мінсіз қызмет атқарды. Адамгершілік қағидаттарынан айнымайтын әрі өз ісінің нағыз маманы ретінде ол әріптестері мен көпшілік арасында зор абыройға ие болып, құрметке бөленді. Иван Степанович ғұмыр жолында жасампаз патриотизмнің, антқа адалдықтың және әділдік құндылықтарын берік ұстанудың жоғары үлгісін көрсетті. Оның жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады».

Неліктен бұл маңызды

Иван Гапич – Ұлы Отан соғысына өз еркімен қатысып, елге оралғаннан кейін құқық қорғау саласында ұзақ жыл қызмет еткен ардагер. Оған берілген «Халық қаһарманы» атағы мемлекет алдындағы ерекше еңбегінің белгісі саналады.

Президенттің көңіл айтуы оның Отан алдындағы қызметіне көрсетілген құрметтің және ардагерлердің ерлігіне деген жоғары бағаның көрінісі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -