Салауатты өмір салтын ұстану - ұрпаққа өнеге

880
Ринат Сафин Редактор
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланы

Өткен сенбіде “Динамо” спорт кешенінде Астана қаласы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен Халықаралық Қарттар күніне арналған волейболдан жолдастық кездесу өткізілді.

Оған “Ардагер” спорт клубы мүшелері мен елордалық полиция департаментінің ардагерлері қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында әскери және қоғам қайраткері, “Ардагер” спорт клубының президенті генерал-лейтенант Абай Тасболатов сөз сөйлеп, осындай күні ардагерлерге зор ықылас көрсетіп, жарыс ұйымдастырған Департамент басшылығына алғысын білдірді.

Тартысты және қызықты өткен кездесуде “Ардагер” спорт клубы ойыншыларының мерейі үстем болды.

Жарыс жеңімпаздарына Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Марат Төлебаевтың атынан атынан Кубок, ал белсенді ойыншыларға медаль және грамоталар тапсырылды.

Қуаныш ҚОЖАХМЕТОВ

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -