Ұлттық ұлан офицері алтын ұрлады деген күдіктіні ұстады

665
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Өскеменде алтын бұйымдарды ұрлады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қызметтен қайтып келе жатқан Ұлттық ұланның 3477 әскери бөлімінің майоры Бахтияр Өмірзақ көмек сұраған әйелге жәрдемдескен. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы хабарлады.

Әйел офицерден көмек сұраған

Бахтияр Өмірзақ тұрғын үйдің ауласында қашып бара жатқан ер адамды байқаған. Көп ұзамай оған бір әйел келіп, алтын бұйымдарының ұрланғанын айтып, күдіктіні ұстауға көмектесуін сұраған.

Майор ер адамның соңынан қуып, оны мектеп стадионының аумағында қуып жеткен. Ұсталған күдікті полиция қызметкерлеріне тапсырылған.

«Бейжай қарап тұра алмадым»

Офицер сол сәтте көмекке мұқтаж адамды жалғыз қалдырмай, дереу әрекет етуге шешім қабылдағанын айтты.

«Сол сәтте адамның көмекке мұқтаж екенін түсіндім. Бейжай қарап тұра алмадым, сондықтан бірден әрекет етуге шешім қабылдадым. Ең бастысы – күдіктіні көзден таса қылмай, полиция қызметкерлеріне тапсыру болды», – деді майор Бахтияр Өмірзақ.

Ұлттық ұланда әскери қызметшінің бұл әрекетін қызметтен тыс уақытта да адамдарға көмектесуге дайын болудың және азаматтық жауапкершіліктің үлгісі ретінде атап өтті.

Бұған дейін біз Астанада ұлттық ұландықтардың ұрлыққа күдіктіні ұстап, жоғалған телефондарды иелеріне қайтарғаны туралы жазған едік.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -