Астанада әжелер балабақшадағы 302 балаға ертегі оқып жүр

931
Фотосурет: Gov

Астанада әжелер балаларға ертегі оқып жүр. Елордадағы №81 «Әсемгүл» балабақшасында үш жылға жуық уақыттан бері «Әжемнің ертегісі» жобасы жүзеге асырылып келеді. Бастама ұлттық тәрбиені жаңғыртып, бүлдіршіндердің кітап оқуға қызығушылығын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі.

Жобаның ерекшелігі – балаларға ертегіні тәрбиешілер ғана емес, әжелердің өздері оқиды. Олар ай сайын балабақшаға келіп, бүлдіршіндерге ұйықтар алдында ертегі айтып, оның тәрбиелік мәнін түсіндіреді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Үш жылдан бері жалғасып келе жатқан дәстүр

«Әжелер мектебі» шамамен үш жыл бұрын «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жұмысын бастаған. Ал «Әжемнің ертегісі» бастамасы «Оқуға құштар» жобасы шеңберінде жүзеге асырылады.

Ертегілер кездейсоқ таңдалмайды. Әжелер мен тәрбиешілер шығармаларды балалардың жас ерекшелігіне және күн тәртібіндегі тәрбиелік тақырыптарға сәйкес бірлесіп іріктейді.

«Әжемнің ертегісі»: елордалық балабақшада бірнеше жылдан бері тағылымды бастама іске асып келеді

Мұндағы мақсат – балалардың тіл байлығын арттыру, ой-қиялын дамыту, кітапқа қызығушылығын ояту және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру.

«Қариясы бар үйдің қазынасы бар»

Балабақша меңгерушісі Жазира Маматованың айтуынша, әжелердің бала тәрбиесіндегі орны ерекше. Олардың өмірлік тәжірибесі мен мейірімі өскелең ұрпақтың рухани дамуына ықпал етеді.

«Әжемнің ертегісі»: елордалық балабақшада бірнеше жылдан бері тағылымды бастама іске асып келеді

«Әжемнің ертегісі» жобасы «Оқуға құштар» жобасы аясында жүзеге асырылады. Негізгі мақсаты – балалардың тілін, ой-қиялын дамыту, әженің мейірімі мен жылуын сезіндіру, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру. Өйткені халқымызда «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деген сөз бар. Абай атамыздың өзі Зере әжесінің ертегілері мен әңгімелерін тыңдап өскен. Сондықтан әжелердің бала тәрбиесіндегі орны ерекше. Әжелердің отбасы институтын нығайтуда да, жас аналарға бала тәрбиесіне қатысты да көрсетер үлгі-өнегесі мол деп есептеймін», – дейді балабақша меңгерушісі Жазира Маматова.

Бұл бастама арқылы балалар халық ертегілерін тыңдап қана қоймай, үлкендерді құрметтеу, жақсылық пен жамандықты ажырату, мейірімділік пен адамгершілік сияқты құндылықтармен танысады.

42 жастағы әже немересінің балабақшасында ертегі оқиды

Жобаға қатысушылардың бірі – «Әжелер мектебінің» мүшесі Гүлнар Көкенова. Ол 42 жаста. Немересі осы балабақшада тәрбиеленеді.

Гүлнар Көкенова балабақшадағы іс-шараларға белсенді қатысып, басқа әжелермен бірге балаларға кезектесіп ертегі оқиды.

«Әжемнің ертегісі»: елордалық балабақшада бірнеше жылдан бері тағылымды бастама іске асып келеді

«Мен – «Әсемгүл» балабақшасының «Әжелер мектебінің» мүшесімін. Балабақшадағы іс-шараларға белсенді қатысамын. 42 жастамын, осында бір немерем бар. Бүгін, міне, балаларға ертегі айтып беруге келдім. Жалпы, «Әжелер мектебінің» мүшелері айына бір рет кезектесіп балабақшаға келіп, балаларға ертегі оқып тұрады. Ертегі балалардың ой-қиялын дамытатын таптырмас құрал ғой. Үйде де немерем үшін тәрбиелік мәні зор ертегі-әңгімелерді таңдауға тырысамын», – дейді «Әсемгүл» балабақшасының «Әжелер мектебінің» мүшесі Гүлнар Көкенова.

Кезекті кездесуде ақ жаулықты әже балаларға ертегі айтып, шығармадағы оқиғалардың мәнін түсіндірді. Осылайша бүлдіршіндер әжелердің әңгімесі арқылы ұлттық тәрбие мен халық даналығына жақындай түсті.

302 бала тәрбиеленетін балабақшада ұлттық нақыш басым

Қазір №81 «Әсемгүл» балабақшасында 302 бала тәрбиеленіп жатыр. Мұнда ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ерекше көңіл бөлінеді.

Ғимараттың әр бұрышында қазақтың ою-өрнектері мен ұлттық нақыштары бейнеленген. Бұл балалардың күнделікті ортада ұлттық мәдениет элементтерімен танысуына мүмкіндік береді.

«Әжемнің ертегісі»: елордалық балабақшада бірнеше жылдан бері тағылымды бастама іске асып келеді

«Әжемнің ертегісі» жобасы осы тәрбиелік жұмыстың бір бөлігіне айналған. Ол балабақша мен отбасы арасындағы байланысты нығайтып, аға буынның тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізуді көздейді.

Ертегі арқылы ұрпақтар сабақтастығы сақталады

Әжелердің ертегі айту дәстүрі қазақ отбасында ежелден маңызды орын алған. Халық ауыз әдебиеті арқылы балаларға өмірлік құндылықтар, мінез-құлық ережелері мен ұлттық дүниетаным жеткізілген.

Астанадағы бастама осы дәстүрді заманауи мектепке дейінгі тәрбие жүйесімен ұштастырып отыр. Балалар ертегі тыңдауды үйренсе, әжелер өз тәжірибесі мен өнегесін бөлісуге мүмкіндік алады.

Бұған дейін біз Астанада балабақша тәрбиеленушілері мен олардың отбасыларын біріктірген шежіре фестивалі туралы жазған едік. Ол іс-шарада да балаларға ұлттық дәстүрлер таныстырылып, ұрпақтар сабақтастығына ерекше көңіл бөлінген болатын.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -