Араб және Қытай университеттері арасындағы ғылыми және академиялық ынтымақтастықты арттыру үшін Иорданияның астанасы Амманда Қытай-Араб университеттерінің алмасу консорциумы ашылды.
Бұл алмасу жасыл инновация, денсаулық сақтау, азық-түлік қауіпсіздігі, жастарды дамыту және өркениеттер арасындағы диалог салаларындағы ынтымақтастыққа бағытталады, деді ашылу салтанатында Қытайдың жоғары білім қауымдастығының президенті Ду Юбо. Ол сондай-ақ алмасудың жоғары білім саласындағы қытай-араб ынтымақтастығының жаңа тарауын ашатынын қосты.
Араб университеттері қауымдастығының бас хатшысы Амр Эззат Салама араб және қытай университеттері осы тетік аясында тиісті салаларда белсенді түрде ынтымақтаса отырып, климаттың өзгеруі мен тұрақты даму проблемаларын шешуге бірлесіп үлес қосуы керек екенін айтты.
Қытайдың Иорданиядағы елшісі Чэнь Чуандун жас студенттер, оқытушылар және талдау орталықтары Қытай мен араб елдері арасындағы ынтымақтастықты ынталандыра отырып, құрылған платформа арқылы өзара пікір алмасып, ынтымақтастықты дамыта алатынын айтты. Рәсімге Қытай, Иордания, Египет, Ливан және т.б. елдердің 20-дан астам жоғары оқу орнының 100-ге жуық өкіл қатысты.