Қытай тұтынуды ынталандыру үшін жеке тұлғалар мен кәсіпорындарға қаржылық жүктемені жеңілдету үшін белгілі бір несиелер бойынша пайыздардың бір бөлігін субсидиялау бойынша жаңа шаралар қолданбақ, деді ҚХР қаржы министрі Лань Фоань, деп хабарлайды Xinhua.
Субсидиялар қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй бизнесі, денсаулық сақтау, қарттарды күту, бала күтімі және үйдегі қызмет көрсету сияқты күнделікті өмірмен тығыз байланысты салалардағы жеке тұтынушылық несиелер мен бизнес несиелеріне қолданылады, деді Лань Фоань Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының (БХӨЖ) 14-ші шақырылымының үшінші сессиясы аясында өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, бұл қадам тұтынушыларға қаржылық қысымды азайтып, кәсіпорындарды қаржыландыру құнын төмендетеді.