Қытайлық халықаралық іздеу-құтқару тобы сенбі күні Мьянманың Мандалай қаласында магнитудасы 7,9 балл жер сілкінісінен кейін тұрғындарға медициналық көмек көрсетуді жалғастырды, деп хабарлайды Xinhua.
Оның мүшелері аурулардың скринингін, консультацияларды, дәрі-дәрмек қабылдау бойынша ұсыныстарды беріп, дәрі-дәрмектерді таратуда.
Мандалай медициналық университетінің жанында орналасқан көмек лагерінде топтың медициналық қызметкерлері 250-ден астам жергілікті тұрғындарға тегін скрининг жүргізу үшін портативті ультрадыбыстық аппараттар, портативті рентген аппараттары және төсек жанында ЭКГ мониторлары сияқты өздігінен әзірленген мобильді диагностикалық жабдықтарды пайдаланды. Диагностикалық нәтижелер бойынша жергілікті жерде қажетті дәрі-дәрмектер, соның ішінде инфекцияға қарсы, ауырсынуды басатын және антигипертензивті препараттар берілді.
Мандалай сарайының жанында дәрігерлер жиі кездесетін жергілікті ауруларды, әсіресе жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтардағы жоғары температурадан асқынатын тыныс алу, ас қорыту және иммундық жүйе ауруларын емдеудің арнайы шешімдерін әзірледі. Команда құрамында ішкі мелицина, хирургия және педиатрия сияқты 14 салада маманданған Қытайлық халықаралық іздеу және құтқару тобының 10-нан астам сарапшысы бар.