Қытай құрамасы халықаралық шахмат турнирінде жеңіске жетті

1034
Фотосурет: Xinhua

Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) мәліметіне сәйкес, жуырда Қытайдың Шанхай мегаполисіндегі Цинпу ауданында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер арасындағы 8-ші халықаралық командалық шахмат турнирінің финалында Қытайдың бірінші құрамасы Ресей құрамасын армагеддон форматындағы аса жылдам шахматта жеңіп, турнир тарихында алғаш рет Қытай атынан қатысқан команда чемпион атанды.

Аталған турнир рапид (жылдам шахмат) ережелері бойынша өткізілді. ШЫҰ елдерінен келген 13 команда, оның ішінде Қытайдың екі құрамасы, екі топқа бөлініп, топтық кезеңде айналмалы жүйе бойынша сынға түсті. Әр топтан үздік шыққан екі команда жартылай финалға жолдама алды. Нәтижесінде финалда Қытайдың бірінші құрамасы мен бұған дейінгі турнирдің чемпионы – Ресей құрамасы кездесті.

Сонымен қатар, Моңғолия құрамасы Беларусь шахматшыларын жеңіп, турнирдің қола жүлдегері атанды.

ШЫҰ елдері арасындағы халықаралық командалық шахмат турнирі 2019 жылы негізі қаланған. Алғашқы бес турнир Шаньдун провинциясының Циндао қаласында (Қытайдың шығысы) өткен болса, кейінгі екеуі Харбин қаласында ұйымдастырылды. Ал 8-ші турнир алғаш рет Шанхай қаласында өтті. Айта кетейік, дәл осы қалада ШЫҰ құрылған.

Биылғы турнирді Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты шахмат және карта ойындары орталығы, Қытай шахмат қауымдастығы, Шанхай қаласының спорт басқармасы және Цинпу ауданының халық үкіметі ұйымдастырды.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -