Әзербайжан астанасы Бакуде 22 мамыр күні 13-ші Дүниежүзілік қалалар форумы өз жұмысын аяқтады.
БҰҰ-ның Қоныстану бағдарламасы мен Әзербайжан үкіметі бірлесіп ұйымдастырған биылғы форум «Әлемге баспана беру: қауіпсіз және тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» ұранымен өтті.
Форум аясында 500-ден астам отырыс пен іс-шара ұйымдастырылды. Алты күнге созылған форум барысында Қытайдың қалалық даму тәжірибесі көшбасшылар саммитінің, қалаларға арналған көрме аймағының және көптеген тақырыптық іс-шаралардың маңызды бөлігіне айналып, әлемге тұрақты даму саласындағы қытайлық тәжірибені таныстырды.